Тараз қаласы Полиция басқармасы тәлімгерлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы полиция органдарына жаңадан қабылданған жас мамандардың қатысуымен талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиналысқа қатысқан полиция органдарының ардагерлері мен кеңес мүшелері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын талқылай отырып, бірауыздан жолдауға қолдау білдірді.
Сонымен қатар, тәлімгерлердің есебі тыңдалып, жас мамандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сондай-ақ отырыс барысында жас мамандардың мамандықты игерудегі кейбір мәселелері талқыланып, олардың қойған сұрақтарына қатысты нақты жауаптар берілді.
Жиын соңында кеңес жұмысына оң баға берілді.