Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

0 5

Қазақстанда информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін. Бұл туралы «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі bilim-all.kz сайтына сілтеме жасап.

Форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысында Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас өз елінде робототехника 1 сыныптан бастап балаларға оқытылатындығын атап өтті.

— Меніңше, білім беру бұл инновацияның барынша маңызды элементі саналады. Мәселен, Эстонияда біздің балаларымыз бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқиды. Бұл өте танымал пән, — деді Юри Ратас.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Эстонияның мұндай тәжірибесіне қызығушылық танытты.

— Эстонияда бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқытуы өте керемет. Біз информатиканы 7 сыныптан бастап оқыттық. Барлық уақытта 7 сынып оқушысы оқытушысынан көп білетіндігін айтып келемін. Біз бағдарламаны өзгерттік және бүгінде информатика үшінші сыныптан оқытылады. Қазір Эстония Премьер-Министрінің сөзінен кейін бізде ойланатын боламыз, 3-інші сынып та кештеу сияқты, — деді ҚР Үкімет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.