«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы 8985 адаммен толықты. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Соңғы екі жылдағы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде партия қатары белсенді жастар, өндіріс саласындағы жас мамандар, шағын және орта бизнес өкілдері, спортшылар, мәдениет саласының қызметкерлері және мемлекеттік қызмет атқарып жүрген 8985 адаммен толығып, 337 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 69 039 партия мүшесін құрап отыр.
Сонымен қатар, 2016 жылдың қарашасында өткен ХVIII есеп беру-сайлау конференциясының қаулысында қабылданған шешімдердің сапасы мен пәрменділігін арттыруға байланысты нақты шаралар қабылданды. Олардың іске асырылуын бақылауға алудың нәтижесінде 82% орындалды.
Соның ішінде, партия филиалдарын Саяси кеңесі Бюросының рөлі мен мәртебесін көтеруге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мәселесі, партиялық топтарға бастауыш партия ұйымдарының Бюро мүшелерін бекіту, бастауыш партия ұйымдарында мәслихаттағы фракция мүшелерінің есебін тыңдау сияқты тармақшалары бүгінгі күнге толық шешімін таппаған.