Талас ауданында тарифтық жүйе бақылауға алынды

0 6

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті мамандары Талас ауданындағы  коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысымен танысып, тарифтік жүйені бақылап қайтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Игілік» кәсіпорыны Қаратау қаласын жылу энергиясы, ыстық және суық сумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын. Қаратау қаласы бойынша  138 көп қабатты және 23 жеке тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсетеді. Бұл саладағы жалғыз қожайын шығындарын млн-дармен есептейді. Бағаны да Елбасы тапсырмасынан соң ғана  30 пайызға төмендетттік дегенді айтады.

— Тексеру нәтижесінде халыққа, басқа да кәсіпорындарға 67 млн.теңге қаражатты қайтару жөнінде шешім шықты.Содан кейін департамент тарапынан шығарылған бұйрыққа қатысты біз тарифтерді 30 пайызға төмендеттік, — дейді  «Игілік» кәсіпорынының директоры Рашид Сейдалиев.

Әзірге, жаңа тарифтік жүйе бойынша   халыққа 62млн. теңге қайтарылған. Бірақ, монополистің халыққа қанша қарыз екені әлі толық есептелмепті. Енді жолдаудан туындаған тапсырманы тиянақтап,   белден басудың алдын алу  үшін  Табиғи монополияларды реттеу департаменті тарифтер бойынша кешенді жұмыстар жүргізбек.

Айта кетейік, енді мамандар  елді мекендерді аралап, қоғамдық қабылдау өткізеді. Ал, халықтан  түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.