Тараз қаласындағы жоғарғы оқу орнында сатушысы жоқ ерекше дүкен ашылды

0 16

Тараз қаласында сатушысы жоқ «Адалдық дүкені» ашылды. Басты мақсат — қоғамды адалдыққа үйрету дейді студенттер. Ерекше дүкен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова және Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне негізделген дүкеннің жұмысымен танысты.

-Адалдық дүкеннің басты ерекшелігі — мұнда сатушы жоқ. Мұғалімдер мен студенттер өздеріне қажетті заттарын сатып алады. Мұнда тамақтанумен қатар кітап оқуға да мүмкіндік бар. Мақсатымыз — қоғамды адалдыққа үйрету. Бұл жақсы бастама деп ойлаймын, — дейді ТарМПИ студенті Ерсұлтан Нүсіпжанов.

Ерекше дүкеннің сатып алушылар тек адалдық қағидалары бойынша өздеріне қызмет етеді. Дүкенде сатушылар болмаған соң студенттер мен мұғалімдер өздеріне қажет тауарларды алып, ақшаны арнайы қорапқа салады. Мұндай дүкендердің ашылуы жастардың бойында адамгершілік, адалдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.