Тәуелсіздік күніне орай қалалық полиция басқармасында дөңгелек үстел өтті

0 5

2018 жылдың 12 желтоқсанында Тараз қалалық полиция басқармасының мәжіліс залында 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік мерекенің қазақстандықтар үшін маңыздылығын ескере отырып, бұл шара ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердің Отанымызға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, полиция басқармасының бірнеше қызметкерлері қаламыздың қоғамдық өміріне белсене атсалысып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда қосқан қомақты үлесі мен жетістіктері үшін Тараз қалалық мәслихаты хатшысының және қала әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен»  марапатталды.

Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін қылмыспен күресті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сондай-ақ азаматтық борышын танытып, қылмыскерді қолға түсіруде полиция органдарымен өзара әрекеттестігі үшін Тараз қаласы №12 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Абзал Нышанов шақырылып, ерлікпен қаза тапқан «Халық Қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың суреті бейнеленген арнайы естелік сыйлық берілді.

Сонымен қатар, Тараз қаласы ПБ бастығының бұйрығымен  өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, қырағылықпен қылмыстың ізін суытпай ашқан қалалық полиция басқармасы Қабылдап-тарату орнының қызметкерлеріне алғыс хат табысталды.

Жиын соңында қалалық ПБ қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.