Облыста тіл жанашырлары марапатталды

0 20

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты облыстық форумы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Форум облыстық қазақ драма театры әртістерінің орындауында «Тәуелсіздік тұғыры – тіл ғұмыры» атты композициямен ашылды.

Шара барысында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова, 2018 жылғы республикалық «Жыл патриоты» номинациясының иегері, ТИГУ ректоры, ф.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Саурықов, Тәуелсіздіктің құрдасы, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Бойко, облыстық «Арай» газетінің бөлім меңгерушісі, жас ақын Н.Қадірәлі сөз сөйледі.

Жиында ардагерлер мен тіл жанашырлары Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.