Қызыләуіт ауылына ауыз су берілді

0 11

Мереке қарсаңында  Талас ауданына қарасты Қызыләуіт ауылына таза ауыз су берілді. Тұрғындар осы уақытқа дейін ауыз суды  құдықтан тұтынып келген болатын, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сумен жеткізу және жабдықтау нысанының құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жобаның құны-384 161,0 мың теңге. Мердігер-«AKM GROUP» ЖШС-і.

Әзімхан  Аяпбергенов 1952 жылы Қызыләуіт ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 8 жылдық мектепті бітіріп білім алған.Еңбек жолын  ағасы  Бекетайдың қасында шопан болып бастапты. Жұбайы Дүйсенкүл екеуі 5 баланы өсіріп жеткізген.

— Тұрмыстың тауқыметін көп тарттық. Егемендік алғалы елді-мекендердегі жағдай да жақсарып келеді.Ауылымызға су кіргізіліп жатқанына қуаныштымыз. Су тіршіліктің нәрі деп бекер айтылмаған. Ауылда кейбір тұрғын-үйлердің құдығынан су шықпайтын болатын. Алыстан су тасып жүрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Еліміздің әлеуметтік –экономикалық жағдайының жақсарғанының белгісі міне, ауылымызға ауыз су келді. Бұлда бір Елбасымыздың жүргізіп отырған нәтижелі саясатының белгісі,-дейді Ол.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында мереке қарсаңында 28 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында медициналық нысандар мен  балабақшалар, көпқабатты тұрғын үйлер бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.