Жамбылдық оқушылар дін туралы жан-жақты ақпар алды

0 1

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Ерзат Жақыпов №11 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Кездесу барысында қатысушылар назарына жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздегі экстремистік деп танылған ұйымдардың келбетін, мақсатын және аталған ағымдардың жетегінде кетпеу амалдары туралы баяндалды.

Жиында Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни ұйымдар туралы слайдпен көрсетілді. Дәстүр мен діннің үндестігі мен маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.