Т. Рысқұлов ауданында «Шәушен-Ғибрат» ШҚ басшысы Мейрамбай Сайрамбаев Д. Қонаев ауылына өз қаражатынан бөбекжай — бақша салып беретін болды. Бұл туралы аудан әкімі Аcқар Қрықбаевтың халық алдындағы есебінде айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ауыл тұрғындары тарапынан аудан әкіміне бірқатар сұрақтар қойылып, газдандыру мәселесі бойынша ЖСҚ жасау қолға алынатындығын жеткізді. Ауыл xалқы өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Ауылдағы оң өзгеріс-ескі атауы өзгеріп Ақниет ауылдық округі, Д.Қонаев ауылы атауларына өзгеріс көпшілікті қуантқаны рас.
Жиынға келген тұрғындар ауылдағы мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ал «Шәушен-Ғибрат» ШҚ басшысы Мейрамбай Сайрамбаев xалықты ауылдың әлеуетін арттыруға шақырды.
Бұдан бөлек ауылды абаттандыру, жаңарған ауыл санатына енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ауылда 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әбілxайыр ауылы тұрғындары да өз ұсыныстарын білдіріп, нақты жауаптар алды.