Тараздық жас кәсіпкер Шерзод Бабаев медицина қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыратын жаңа қосымша ойлап тапты. Қазір бұл бағдарламаны емдеу мекемелері қолданысқа енгізіп, тиімділігін көріп отыр.
Ол үшін ауруханаға келген науқас, төл құжаттағы жеке сәйкестендіру нөмірін айтуы тиіс. Куәлік иесі туралы толық ақпарат компьютерге автоматты түрде енгізіледі. Арнайы қосымша арқылы дәрігерлер науқастың ауруханадан шығару қағазын бұрынғыдай сағаттап отырып емес, 5 минутта толтыра алады. Кәсіпкер тың бағдарламаны екі жылда жасап шығарған.
— Жазып шығарып қайтадан көшіріп қайтадан қойып оның барлығы уақыт, көзге көрінбейтін уақыт. Қазір оның барлығын көшірмейміз біз, бір енгіздік сол программа уже ары қарай өзі обоснованиясын да, предоперационныйын да, клинический разборда да, выпискада, барлығы уже дайын тұрады, тек қана датасын өзгертіп отырамыз, — дейді Кардиохирург Дінмұхамед Бегалиев.
Дереккөз: Jambyl TV