Жамбыл облысында ауылдық 71 кітапхана мобильді стандартқа көшірілді, цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды (1бродкастинг залы, 17 коворкинг, 53 цифрландырылған ақпараттық орталықтар). Мұнда ауыл тұрғындарына egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сондай-ақ, биыл мәдениет үйі мен клубтарда тағы 70-тен астам осындай орталықтар ашылмақ.
Өткен жылы 3 музей қолданысқа берілді. Қордай ауданы Әлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі және Тараз қаласының Қ.Рысқұлбеков саябағындағы «Желтоқсан-86» орталығы.
«Электрондық архив» жүйесі орнатылды. Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28 бастаманы және 10 жобаны қамтитын 4 негізгі бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда.