“Қағаз бен баяндамаларға, тапсырма мен презентацияларға, бітпейтін жиналыстар мен ауызша айтуды “іс” көретін дөңгелек үстелдерге, салық төлеушілердің уақыты пен ақшасын жұмсауды тоқтататын уақыт келді. Одан да өз бетіммен кетіп, өз тірлігімді істеймін”, – деп жазды Евниев желіде.
“Болу керек нәрсе болды. Өйткені бәрі осыған келе жатты. Мен бұл жағдайда ойланып, өзіме бірнеше сұрақ қойдым және мемлекеттік қызметтен кететінімді айтқым келеді. Басқалар да ойланып, өмірін өзгерте жатар”, – дейді ол.
Арман Евниев шенеуніктердің қатарынан бірінші рет кетіп бара жатқан жоқ. Оның айтуынша, соңғы рет ол мемлекеттік қызметте реформа болатынына үміттенгені үшін қайтып келген.
“Біріншіден, әр мемлекеттік қызметкер үкімет жұмысының нәтижесі үшін жауапты. Оның ішінде мен де бармын. Мен бар күшімді салып жұмыс істедім. Физикалық тұрғыда да аянбадым. Әкем кез келген істің нәтижесі болатындай жұмыс істеуге үйреткен. Егер нәтиже жоқ болса, ондай форматта жұмыс істеудің не мәні бар?”, – дейді бұрынғы министрдің орынбасары.
Евниев өзін еліміздің дамуын қалайтын азамат әрі патриот санайды. 5 жасар немересінің табысты елде тұрғанын қалайтын сүйікті ата екенін айтты.
Экс-шенеуніктің айтуынша, оның үкімет жұмысына жоба енгізгені өте батыл әрі дұрыс қадам болды. Алайда бұл әдіс сол деңгейде қалып, тиісінде дамымай қалды.
“Менеджмент жобасының үш талабы болды: SMART-мақсат пен жауапты тұлғаны сипаттау, SCRUM мен әріптестік. Осы үш принцип барлық бағдарлама мен жоба бойынша іске асқанда, президенттің барлық тапсырмасы орындалар еді”, – дейді ол.
Алайда Қазақстан жобалық менеджментті енгізуге тырысқанымен, озық елдердің үкіметтері бұдан әрі қарай жүріп, стандартты тік бюрократиялық тәсілмен желіні басқарудың жаңа моделіне ауысты.
“Бұл жұмыс істеудің жаңа тәсілі, есеп берудің, басқарудың жаңа әдісі. Мен осы бағдарламамен кірген барлық инстанцияларды айтпай-ақ қояйын. Оның уақыты келмеген шығар. Үкіметтің желілік архитектурасын оның саяси ықпалынсыз жасау мүмкін емес. Ал, егер енгізсе, табысты нәтижеге жету үшін енді жұмыс істеудің еш маңызы жоқ. Өйткені, жұмыс әріптестік пен серіктестікке құрылған. Сондықтан, желілік тәсілдің ішкі жағынан емес, сырттан келуін тездету оңайырақ болады. Ондай болса, мені мемлекеттік қызметте не ұстап тұр?”, – дейді Евниев.
Экс-вице-министр “жеке секторға” кетуге шешім қабылдады. Алайда болашақта құрылатын үкімет мүшелеріне жаңа желілік әдіс бойынша көмектесуге дайын екенін айтты.
Дереккөз: stan.kz