4 сағатта ұйқы қандыруға бола ма?

0 3

Өзін сергек сезіну үшін кей адамдарға 10 сағат ұйқы қажет болса, кейбіріне түнде 8 немесе 6 сағат ұйықтау жеткілікті.

Медицина Академиясының ғалымдары жүздеген еріктілердің қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Тәжірибе барысында қатысушыларды жартылай немесе толықтай ұйқыларын қандырмай ұстады.

Белгілі болғандай, кейбіріне зейінін жоғалтпай, еңбекке қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін 4-5 сағат ұйқы жеткілікті болды. Бар мәселе BHLHE41 генінде болып шықты. Мутацияға ұшырау арқылы, ол баяу ұйқы кезеңін ұзартады, ал сол уақытта мидың еңбекке қабілеттілігі қайта қалпына келіп үлгереді.

Бойында осы ген бар адамдар денсаулығына зиян келтіріп алмай шамамен 5 сағат қана ұйықтап, толыққанды өмір сүре алады екен. Ал сіздің ұйқыңыз қанша уақытта қанады?

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.