XVII ғасырда өмір сүрген белгілі француз философы Блез Паскальдің нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
Біз өмір сүрмейміз, біз күтеміз және үміттенеміз.
Біз ешуақытта шынайы өмірді қабылдамаймыз. Бір нәрседен кешігетіндей асығумен жүреміз. Кейде өткен уақытта қайтаруға тырысамыз.
Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар.
Ақылды адам өзгелердің ерекше қасиеттерін байқай алады. Бірақ біздің еркімізге бағынбайды.
Өзен – бізді қалаған жерімізге алып баратын жол.
Шығарманы қалай бастау керектігін соңына жеткен кезде ғана түсінеміз. Ойдың қалай қабылдануы оны қалай айтатындығымызбен байланысты.
Ой сөзге қасиет артпайды, керісінше ойды әсем сөздер түрлендіреді.
Ақиқатқа жетпесек те, осы жолда өзімізді ретке келтіретініміз анық. Біз үшін бұдан артық іс болуы мүмкін емес.
Тым баяу немесе тым жылдам оқу арқылы ешнәрсе түсінбейміз. Ақылымызға сенім, еркімізге қалау сынды қасиеттер тән. Бойымызда осы қасиеттерге лайық ешнәрсе болмаса, олар лайықсыздарға ұмтылады.
Бірнәрсені өзгерту үшін оған деген көзқарасымызды өзгерту жеткілікті болады. Қозғалыс – адам жаратылысының мәні. Ал әрекетсіздік өлі жандарға ғана тән. Менің ойымша, әлемді жаулап алу сынды ермек Цезарь секілді кәрі адамға тән емес.
Ол — Август немесе Александр секілді жалындап тұрған жастарға лайықты іс. Ал жастарды тізгіндеу өте қиын. Цезарь кәрі болса да, осындайда ақыл-парасатын көрсетуі керек еді. Өз өмірін сүймейтін адам болмашы дүниеге бола өз өмірін қиюға дайын болады. Өлім туралы ойлай беруден, өле салған артық. Бәрінен де адамның салқынқандылығы қорқытады. Мені бұл жалғанда үнсіздік үрейлендіреді. Көп ел мен секілді адамның бар екенінен бейхабар.
Дереккөз: massaget.kz