Жамбыл ауданындағы орталық кітапханада «Сырласу қыз-келіншектер» клубы мүшелерінің қатысуымен «Әдемілік әлемнің жаршысы» атты жас қыз-келіншектер арасында кеңестер сағаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Іс-шараның мақсты — көпшілікке сұлулық ұғымын сезінуіне, адам әдемілігі туралы ой-өрістерін кеңейту, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық-этикалық тәрбие беру.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жан сұлулығы туралы ұлы ғұлама ойшыл ғалымдарымыз айтқан сөздері жайлы айтып, қыз бала және оның тәрбиесі, сұлулық жайындағы мақал – мәтелдердің жалғасын табу арқылы қатысушыларды сергіту сәтімен қызықтырды.
Сондай-ақ, кеңестер сағатына арнайы келген жеке кәсіпкер, сұлулық салон иесі Анар Қырықбаева тыңдармандарға өз білгенімен бөлісті. Сұлулықтың қыр-сыры жайлы әңгімелей отырып, жобаға қатысушылардың бірінің бетін әрледі.
Ал барша қонақтарға тән сұлулығына адамның сыртқы келбеті, әдемі киінісі, шаш сәндеуі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы жататындығы жөнінде айтып, жастарға көптеген кеңестер берді.