«№51 Бәйтерек бастауыш партия» ұйымының ұйымдастыруымен «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» 2019 жылдың 12 маусымындағы Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде белгіленген негізі 10 бағытын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын талқылау жүргізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шараға бастауыш партия мүшелері мен Облыстық Ардагерлер кеңесі, билер кеңесінің төрағасы О.Есіркепов және С.Әлібаев қатысты.
Талқылау барысында Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналғандығы,оның игілігін жастар мен келешек ұрпақ көретіндігі, бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халық екендігі жеткізілді. Оңласын Қарабайұлы өз сөзінде Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай бірге еңбек етуге шақырды.
Сонымен қатар халықтың тұрмыс сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою, тұрғын үй мәселесін жүйелендіру, білім мен медицина саласын жетілдіру көпшіліктің көңілінен орын алғандығы анық екендігін айтып өтті. Аталған мәселелер өз кезегімен шешімін тауып, мемлекетіміздің басты байлығы – халықтың жағдайы жақсаратындығына жүз пайыз сенім білдіретіндігін айтты.
Бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Бердалиев кездесуді қорытындылып тұщымды ақпараттарды айтып, кеңінен түсінік бергені үшін насихаттық топ мүшелеріне алғысын білдірді.