Бүгін «Жеңіс саябағында» бой көтерген «Даңқ залының» екінші қабатындағы Бауыржан Момышұлы ғылыми-зерттеу орталығында “Nur Otan” партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған жиында еліміздегі барлық партиялардың Жамбыл облысындағы өкілдері мен өңірдегі мәдениет қайраткерлері бас қосты. Негізгі мақсат күні кеше ғана өткен Президенттік сайлауға деген қорытынды пікірлер, жаңадан сайланған Президенттің бағдарламалары мен қазіргі уақыттағы саяси әлеуметтік жағдайлар және бүгінде орын алып жатқан қоғамдық аxаулдар төңірегінде пікір бөлісті.
Сондай-ақ, жиын қорытындысында жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа қолдау көрссетіп, оның бағдарламасы аясында еліміздің өркендеуіне атсалысуға әзір екендерін айтып тарқасты.