2019 жылы Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен студентердің құрылыс жасақтарын жұмыспен қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында жұмыссыз жастарды, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттерінен тұратын жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілді.
Жоба аясында 300 сарбаздан тұратын «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары қызметінің құрылуын және Тараз қаласы аумағын тазарту, көріктендіру, көгалдандыру, жөндеу және тазалау бойынша уақытша маусымдық жұмысқа тартылды. Сарбаздардың міндетті зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын қоса алғанда жұмыс уақытын есепке алу табелі немесе орындалған жұмыстар актісі негізінде әр сарбазға 60 000 теңгеден еңбек ақы ҚР заңнамаларының талаптарын сақтай отырып төленді.
Сонымен қатар сарбаздар арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.
Жоба туралы қала жастарын кеңінен хабардар ету, жобаның ауқымды дамуы мен мақсатын кеңінен түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 18-28 мамыр күндері Тараз қаласында орналасқан барлық жоғары және орта орнаулы оқу орындарында имидждік-ақпараттық акциялар өткізілді. Сонымен қатар облыстық «Jambyl», «77 TV» телеарналарына жүгіртпе жол айдарына хабарландыру берілді. Жұмыссыз жастар мен мектеп оқушыларын көптеп тарту мақсатында жұмыспен қамту орталықтары мен мектеп директорларымен де тығыз жұмыстар жүргізілді.
Тағы да ерекше назар аударатын мәселе сарбаздардың еңбек маусымы кезінде еңбек және техника қауіпсіздігін сақтай отыра жұмыс атқаруы. Осы мәселе бойынша арнайы мамандардың оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Тараз қаласы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық турасында меморандумға қол қойылды. Екі-жақты келісімге сәйкес жоба аясында сарбаздар Тараз қаласында орналасқан каналдар, арық, көше бойы және аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жұмыстан бөлек жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында сарбаздар арасында футболдан, волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады.
Мұратбаев Әлібек-«Жасыл-ел» штабының төрағасы