Биылғы жазғы еңбек маусымында студенттік құрылыс жасақтары қатарына 252 (198 ұл, 54 қыз)студент жұмыс жасауға ниет білдірді.Облыс көлемінде республикалық және облыстық бюджет есебінен құрылысы жүріп жатқан, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізілетін нысандардың, мердігерлердің тізімі жинақталды.
Барлығы 32 нысан, оның 4-і аудандарда (Байзақ — 2 нысан, Меркі, Т.Рысқұлов- 1 нысаннан), 28-і Тараз қаласында.Ағымдағы жылғы 5 маусымда студенттік құрылыс жасақтары жазғы еңбек маусымын бастады.Мердігер компаниялар мен студенттер арасында келісім шарт жасалып, 252 студент жұмыспен қамтылды.Айлығы 70 000 тг- 32 жас, 60 000 тг- 175 жас, 50 000 тг- 45 жас.
Студенттік құрылыс жасақтары жауынгерлерінің жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз (аудандарда 3 мезгіл ыстық тамақ, Тараз қаласында 1 мезгіл ыстық тамақ)етілуін, айлық жалақыларын уақтылы алуын қадағалау/қамтамасыз ету, жұмыс орындарында қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстау тиісті басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, құрылыс компанияларының жетекшілеріне (келісімі бойынша) жүктелген.Құрылыс жасақтарының жұмысы 5 шілде күні толық аяқталды.
Сарыбай Илияс — М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенті суденттік құрылыс отрядының жасағы