Әкімдер барлық тапсырмалардың толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс

0 4
Осыдан бір ай бұрын өткен аппараттық кеңесте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығы мен аудандардың әкімдеріне «Жұмыспен қамтудың жол картасының» орындалуын бақылауды, азық-түлік бағасын қадағалауды және коронавирустың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Облыс әкімдігінде селектрлік режимде өткен басқосуда аталған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау жұмыстары әлі де әлсіз күйінде қалып отыр. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 693 оқиға тіркелген десек, олардың басым бөлігі Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарынан анықталған. Облыс әкімі бұл орайда нысандардың жұмысын тұрақты түрде қадағалауға негізделген мобильді топтардың қызметіне көп нәрсе байланысты екендігін еске салды.
Сондай-ақ, басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, облыс аудандарында жаңа жұмыс орындарын құру ойдағыдай орындалып жатқандығы айтылды. Бүгінде Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жоспарланған барлық жобаларды іске асыру шаралары басталып үлгерген. Дегенмен Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында 10 жоба бойынша әлі жұмыстар басталмаған. Ал, Тараз қаласы бір ай бұрынғы көрсеткіштегідей әлі де көш соңында. Мұнда жоспарланған 389 жобаның 136-сы қолға алынбаған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.