Таразда «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

0 26

Бүгін Қайрат Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» атты шеберлік сағаты өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Шындығында, әйел — отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек.

Осыған орай іс-шара барысында «Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» тақырыбында ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева, «Сән әлеміндегі «Нео-фальклор» үлгісіндегі қолөнер туындылары» тақырыбында өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, «АSPARA FASHION WEEK» сән апталығының Президенті, «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы А.Қалиев және «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында «Jambyl Taraz» газетінің редакциясы» ЖШС-ның директоры-бас редактор, қалалық мәслихаттың депутаты Э.Мырза-Ғали, «Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу» тақырыбында «Goodmaker» ЖШС-ның директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты А.Қайназарова, сондай-ақ «Бақытты отбасының құпиясы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының лекторы, психология магистрі, «НИКА» коммуникативтік дамыту орталығының тренері Г.Сарытай сөз сөйледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.