«Атакент» базары не себепті жабылды?

0 8

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай «Атакент» базарына арнайы барып, ондағы кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Себебі, базардың жабылуына бір топ азамат наразылық білдірген болатын, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Қайсар Амантайұлы «Атакент» базарының жабылу себептерін түсіндірді.

Өйткені базар ешкімнің тікелей мүддесін қорғау мақсатында жабылған жоқ. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 3 шілдедегі № 44 қаулысына сәйкес «ауданы 500 м² азық-түлік емес дүкендер қызметі тек жеткізу түрінде» деп анық көрсетілген. Осыған байланысты базардың «Евро1,2,3» сауда павильондары орналасқан ғимараттар жабылды. Базар әкімшілігінің назарына базардың ашық алаңындағы сауда орындарында сауда жасауға қалалық әкімдік тарапынан қарсылық білдірілмейтіні жеткізілді.

Бірінші кезекте азаматтардың денсаулығын сақтау -басты міндетіміз. Ашық жерден қарағанда індеттің кең және тез таралуына жабық ғимараттар бейім болып тұр. Сондықтан індеттің кең таралуына жол бермеу мақсатында халықтың көп шоғырланатын жерлеріндегі жабық ғимараттарда орналасқан «Доснар», «Қайқармет», «Мыңбұлақ», «Зарина», «Айрылмас»,»Гаухар»,«Гранд Пассаж» базарлары мен сауда үйлер, «Ауыл береке» базарының ет, сүт, балық сататын корпустары жабылған.

Полиция, СЭС және әкімдік жанынан құрылған мобилдік топ мүшелерімен күнделікті рейдтік шаралардың жүргізілуіне қарамастан, «Мыңбұлақ» ауданындағы Б.Момышұлы көшесінің бойында бірқатар азаматтар санитарлық талаптарды елемей, бетпердесіз, қолғапсыз, әлеуметтік қашықтықты сақтамай бейберекет сауда жасауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.