Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Асхат Есеналиев тағайындалды , – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Есеналиев Асхат Камкабаевич 1975 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетін «тұтыныс тауарларын тауарлау», 2011 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Жігер» акционерлік қоғамының Коммерциялық сұрақтар жөніндегі директордың орынбасары болып бастаған.
1999 – 2002 жылдары Жеке кәсіпкер, Алматы қаласы;
2002 – 2006 жылдары «Барторғай ГЭС» ЖШС бөлім бастығы;
2006 – 2007 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2007 – 2008 жылдары Жамбыл облысы Далақайнар селосының әкімі;
2008 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бөлім бастығы;
2008 — 2010 Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бөлім бастығы;
2010 жылы Жуалы ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы, бөлім жетекшісі;
10.2010-12.2010 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2010 — 2013 жылдары Сарысу ауданы әкімінің орынбасары;
2013 — 2014 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары;
2014 — 2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқарма басшысының орынбасары;
2015 — 2020 жылдары «Атакент-Тараз» ЖШС-нің Бас директоры;
2018 — 2020 жылдары «Kazchemtrading» ЖШС-нің атқарушы директоры;
2020 жылғы 10 шілдеден бастап Тараз қаласы әкімінің №129-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімі орынбасары лауазымына тағайындалды.