Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын «Агроинтерқұс» ЖШС жұмысын уақытша тоқтатты.
Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады.
«Қазақстан Республикасындағы жоғары патогенді құс тұмауының таралуына байланысты кәсіпорында 502 600 құс қырылды. Сол себепті құс фабрикасының жұмысы уақытша тоқтады. Фабрикадан құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың мамандары бар. Құс фабрикасының қай кезде жұмысын жалғастыратынын айта алмаймыз», – деді Самат Қалиев.
«Агроинтерқұс» ЖШС басшылығының айтуынша, кәсіпорынның қызметін қайта жалғастыру үшін кемі бір жыл қажет. Сонымен қатар жұмыстың жандануына 1,5 миллиард теңге қаражат жұмсалады.
Арқалықтағы құс фабрикасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1992 жылы оның тоқтатылып, 2008 жылы қайта ашылды.
«Агроинтерқұс» кәсіпорнында 220 адамға жұмыс істеп келген. Фабрика жылына 120 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып отырды.