Елімізде вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді

0 10

Елімізде вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Бұл туралы бүгін «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 вакцинациясына дайындық туралы» онлайн баспасөз-конференциясында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA

Вице-министрдің сөзінше, Мемлекет басшысының иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR – кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленген.

— Вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады. Бұл екпе салдырғандардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттануды болжау үшін болашақта халықтың иммундық жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізу мүмкіндігі бар, — деді Марат Шоранов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.