Жамбыл облысында заң бұзған кәсіпкерлерге екі есе айыппұл салынбақшы

0 10

Жамбыл облысында короновирус індетіне қарамай той-томалақ өткізіп, заң бұзған кәсіпкерлерге енді екі есе айыппұл салынбақшы. Қоғамдық кеңес алдында есеп берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Бұл туралы “ZhambylNews” ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Таразда той да тыйылмай тұр. Аптасына екі шақырту қағазы келеді? Індет болса өршіп барады. Не істейміз?» деген қоғам белсенділерінің алаңдаушылығы облыс басшылығын да бейжай қалдырмады.

Бұл ретте аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы Қоғамдық кеңес отырысында мәселенің түйінін қойып, «Індеттің таралуына жол береу үшін құдайы тамақ, той іс-шараларын тоқтатуға тосқауыл қойдық. Тіпті жаназаға 30 адамнан артық жиналмау туралы айтып келеміз. Індет болса күш алып келеді. Індеттің таралуына қоғам болып жол бермеуіміз керек. Тойханаларға тиым салынған. Сонда да той өткізуін қоятын емес. Мобильдік топтың жұмысын күшейтіп, айыппұл мөлшерін екі есеге арттыру керек» деп тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.