Сөзден — іске: Арубаевтың уәделері орындалуда

0 11

Бүгінгі парақшаның айдарын ауылдық округтің тұрғындары алдында есеп берген Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың уәделері мен олардың орындалуы барысына арнайтын боламыз.

Назарларыңызда Қарасу ауылдық округіне қарасты 170-ке жуық түтіні бар Шайдана ауылы. Ал мына түнді күндіздей етіп көрсетіп тұрған көше жарықтары бүгін орнатылып, ауылдың сәнін кіргізіп тұр. Енді Абай көшесінің тұрғындары қас қарайғанда велосипед, ролик тебуіне ешқандай кедергі жоқ.

Қалың оқырманның есіне сала кетер болсақ, «Сәтбай ата» мешітінің имамы, Абай көшесінің тұрғыны Тұрғынбек Оңғарбаев аудан басшысының ақпан айында өткен халық алдындағы есептік кездесуінде еліміздің біртуар перзентінің есімін иемденген көшеге ендігі жетіспей тұрғаны көше жарығы екенін айтса,(мұның алдында асфальт төселген болатын) ауыл тұрғыны Жомарт Әбілдаев көгілдір отынды шайданалықтар асыға күтіп жүргенін алға тартқан еді.

Тұрғындардың сауалын назарға алған Сәкен Қаланұлы:
— Биыл Шайдана ауылына мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауылішілік көшелерге газ құбырын және ақсақалдың көше жарықтандыру бойынша жолдаған сауалын іске асырамыз. Халық алдына келгеннен кейін бұл уәделер міндетті түрде орындалады, -деген болатын.

Расымен, «сөзден — іске» дегеніміз осы болар. Бүгінде Абай көшесі жарықтандырылса, ауыл тұрғындары үшін жаз айы мен бірге газ құбыры да ауыл ішіне жақындай түскен.

Бұл тұрғыда ауыл иманың да, жалпы шайданалықтардың да айтар алғысы шексіз.

Бұдан бөлек берілген уәделер мен олардың шын мәнінде орындалуы барысын көрермендерге Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі дәйекті дәлелдермен бірге ұсынып отыратын болады.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.