Американың Огайо штатында 27 жастағы бойжеткен өзінің бұрынғы жігітінің әкесіне тұрмысқа шықты. Ол күйеуінің басына іс түскенде махаббатқа деген адалдығын көрсеткенін, онымен бас қосқанына өкінбейтінін айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Сидни Дин болашақ күйеуі Полмен мектепте оқып жүрген кезінде танысқан. Ол шақта Сидни Полдың ұлымен кездесіп жүрген еді. Екеуі айырылысқаннан кейін, қыз жігіттің отбасымен араласып, әкесімен көп уақытын бірге өткізген.
Дин мен Пол алдымен дос сияқты араласып жүріп, қыз 16-ға толған соң, екеуінің арақатынасы махаббатқа ұласқан. 2016 жылы екеуі үйленіп, Дин бұрынғы жігітіне өгей шеше болды.
Америкалық арудың айтуынша, нағыз махаббатқа жетер жол оңайға соқпаған. Достары мен туыстары екеуінің қосылуына қарсылық білдірген. Бірақ уақыт өте келе Диннің ата-анасы күйеу баласын қабылдады, ал қыздың анасы Полмен жақсы тіл табысып кетті.
Полдың балалары оның жас әйелін бірден қабылдай алмады. Алайда Пол жол апатына ұшыраған соң, бәрі өзгерді. Отбасы мүшелері оның айналасына жиналып, Дин оларға барынша қолдау көрсетті.
«Жас айырмашылықтары едәуір жұптар бір-бірін шынайы сүйе алады және қамқор бола алады, осыны адамдардың түсінгенін қалаймын. Пол – әрбір әйел армандайтындай күйеу», – деді Дин.