Қазақстандық министрлер қайта маска тақты

0 35

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті үкімет отырысы өтті. Қазақстандық министрлер жиынға көп уақыттан бері алғаш рет маска тағып келді, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 187 жаңа дерек тіркелді. Ауырғандардың көп бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.
Бір ғана тәуілкте елордада 37 жаңа дерек, ал Алматыда — 112 жаңа дерек тіркелді.

Бұған дейін коронавирус бойынша Алматының «сары» аймаққа өткені хабарланды. Енді алматылықтарға адамдар жаппай жиналатын жабық мекемелерде маска тағуға кеңес беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.