Үндістанның Гуджарат штатында ата-анасы тірідей жерлеп тастаған нәресте құтқарылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Times Now News басылымына сілтеме жасап.
Егістік алқабында қалдырып кеткен баланы шаруа тауып алған. Іздей келе полиция нәрестенің ата-анасын анықтаған. Алайда әкесі мен анасың штаттың әр округында ұсталған. Оларға қастандық жасау және баланы қауіпті жағдайда қалдыру деген айыптар тағылды.
Полиция мәліметінше, ерлі-зайыптылар қыз емес, ұл баланы қалағандықтан нәрестеден құтылмақ болған. Ал күдіктілердің өздері балаларын еміне ақша таба алмай қалады деп қорыққандықтан қалдырып кеткендерін айтқан.
Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келген, денсаулығында кінәрат болған әрі салмағы да аз болған. Әкесі фермадағы жұмысынан шығып қалған.
Бұған дейін Үндістанның Бихар штатында анасы мен әжесі тірідей көміп тастаған үш жасар қыз құтқарылған. Баланың дауысын зират маңында жүрген әйелдер естіп қалған.