Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы әскери қақтығыс туралы мәлімдеме жасады

0 50

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі 18 қыркүйек күні кешке Тәжікстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды АКИpress сайты.

Ведомство тәжік тарапының әрекетін «Қырғызстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне опасыздықпен қол сұғу» деп сипаттады.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 14-17 қыркүйекте өзінің егемен аумағында болған оқиғаларды Тәжікстан Республикасының біздің мемлекетке қатысты агрессиясының алдын ала жоспарланған қарулы актісі ретінде бағалайтынын мәлімдеу қажет деп санайды.

Тәжікстан шабуылының нәтижесінде Қырғыз Республикасының 59 азаматы қаза тауып, 144 адам зардап шекті. 140 мыңға жуық адам мәжбүрлі эвакуацияға ұшырады. Үлкен материалдық залал келтірілді.

Тәжікстан Республикасы аумақтық тұтастық, мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, күш қолданбау, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында және басқа да халықаралық құжаттарда бекітілген Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу сияқты негізгі халықаралық қағидаттарды өрескел бұзды.

“Қырғызстан Республикасының территориясын, соның ішінде Баткен және Лейлек аудандарындағы азаматтық объектілерге, елді мекендерге, Баткен қаласына қарулы күштер мен ауыр әскери техниканы пайдалана отырып, уағдаластықтарды бұзып, себепсіз шабуыл жасаған Тәжікстан Республикасының құқыққа қарсы және деструктивтік іс-қимылдарына наразылықты мәлімдейміз” – дейді ведомоствода.

Министрлік атысты тоқтату туралы бірнеше рет уағдаластыққа қарамастан, тәжік тарапы арандатушылық атыстарын жалғастырып, Қырғыз Республикасының Баткен облысындағы Достук, Ақсай, Интернационал, Жаштық, Борбордук, Арқа, Кулунду сияқты жекелеген елді мекендерді басып алуды жүзеге асырғанын атап өтті.

Сол күні Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстанмен шекарадағы қарулы қақтығыстың себебі туралы алғаш хабарлама жариялады. Атап айтқанда, ведомство көрші елді «қарулы агрессия актісі» және «шекара бойында от ашты» деп айыптады.

Тәжікстан СІМ бұл қақтығысты Қырғызстан ҰҚК шекара әскерлері қоздырды деп мәлімдейді, олар 14 қыркүйекте сағат 07:15-те Қырғызстан Қарулы Күштерінің басқа құрылымдарының қолдауымен «Тәжікстанға себепсіз қарулы агрессия көрсетті».

Тәжікстан министрлігі қақтығыс кезінде кем дегенде 30 бейбіт тұрғын мен екі тәжік әскері қаза тапқанын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Тәжікстан мен Қырғызтанның атысты тоқтатуға келісім жасайтындары хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.