Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді

0 39

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үш сатыға жоғарылап, 22-орынға жайғасты.

Еліміздің үздік теннисшісі Словениядағы Порторож жарысының финалына дейін жетуі арқасында рейтингілік ұпай санын 1855-ке жеткізді.

Е.Рыбакина бүгін басталған Токио WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін жақсарта алады. Ол ертең әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен алғашқы айналымда кортқа шығады.

Әлемдік рейтингіде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 36-дан 41-ге төмендеді.

Жұптық сында Анна Данилина 20-орнында қалса, Е.Рыбакина 102-ден 100-сатыға ілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның биылғы бесінші титулына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Словениядағы турнирдің финалында ұтылып қалды.

Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы соңғы матчын өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.