Түркиядағы жол апаты: Тағы бір қазақстандық ауруханада қайтыс болды

0 20

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілген еді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.