Канадада аю екі адамды талап өлтірді

0 102

Канаданың Альберта провинциясындағы Бенф ұлттық саябағынан екі адамның денесі табылды. Олар гризли аюының шабуылынан қаза болған. ҚазАқпарат бүл туралы Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 30 қыркүйекке қараған түні Банф ұлттық саябағында болған. Қаза болған адамдарды оқиға орнына таңертең ерте жеткен арнайы жедел топ анықтады.

Бір күн бұрын құтқарушыларға GPS құрылғысынан Ред-Дир өзені аймағында аюдың шабуылын тіркеген белгі келді. Алайда олар ауа райына байланысты тікұшақты пайдалана алмай, осы жерге көлікпен келуіне тура келді.

Анықталғандай, жануар кейіннен ұйықтатылды, ал саябақ аумағы жұртшылық үшін уақытша жабылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.