Қатар Әмірі Мәскеуге келді

0 4

Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Ресейге ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Екі ел басшыларының кездесуі бүгінге жоспарланған.

Кремльдің баспасөз қызметі бұған дейін мемлекет басшылары сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарды талқылайтынын хабарлаған.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путин мен Қатар Әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани Ресейге сапары барысында Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасатынын айтқан.

Қатар әлемдегі көптеген жағдайларды реттеуге деген ұмтылыс бойынша үлкен әрі маңызды рөл атқарады.

Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджид әл-Ансари Қатар Украинадағы қақтығысты шешуге күш сала алатын кез келген рөлді құптайтынын айтты.

Осыған дейін ХАМАС бітімгершілік келіссөзін жалғастыру үшін Қатарға делегация жібергені туралы жаздық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.