Өкілдер палатасының екі партиялы тобы осы айдың соңында Қытайға ресми сапармен барады. Бұл палата мүшелерінің 2019 жылдан бергі алғашқы ресми сапары болмақ, деп хабарлайды NBC News.
АҚШ Конгресінің Қытайдағы делегациясын Өкілдер палатасының Демократиялық партиядан мүшесі, Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетінің бұрынғы төрағасы және демократтардың осы комитеттегі қазіргі көшбасшысы Адам Смит ұйымдастырды.
Адам Смит АҚШ пен Қытайдың «азырақ сөйлесіп жатқанына» «қатты алаңдайтынын» хабарлады.
Бұл сапар Қытай, Ресей және Солтүстік Корея көшбасшылары Тяньаньмэнь алаңында кездесіп, әскери парадты тамашалағаннан кейін бірнеше апта өткен соң, Вашинтон мен Бейжің арасындағы саяси және экономикалық шиеленіс кезінде болды.
Қазіргі кезде екі ел сауда келісімі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. АҚШ президенті қос тараптың келісімге келуге көбірек уақыты болуы үшін қытайлық тарифтер мерзімін 10 қарашаға дейін ұзартты.
Шілде айында АҚШ пен Қытай тарифтік келісімді тағы үш айға ұзартқанын жазған болатынбыз. Тиісті келісім 28-29 шілде күндері Стокгольмде өткен екі күндік келіссөздер нәтижесінде қабылданды.