Мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдау керек?

0 2

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңызын еске салды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

№ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы қажет:

• 1–3 сынып — 2 келіге дейін
• 4–5 сынып — 2,5 келіге дейін
• 6–7 сынып — 3,5 келіге дейін
• 8–11 сынып — 4,5 келіге дейін

Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-нан аспауға тиіс!

 Таңдау кезінде:

• Белдіктер — кең және жұмсақ төсеммен
• Арқасы — ортопедиялық
• Материал — жеңіл, су өткізбейтін
• Міндетті түрде жарық шағылыстырғыштар болуы керек

 Ата-аналарға ескерту: 

  • Сөмкені тексеріп, артық заттарды алыңыз;
  • Балаңызды екі иықпен киіп жүруге үйретіңіз;
  • Ауыр болса, кітаптарды мектепте қалдыруды мұғаліммен ақылдасыңыз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.