Ресей астанасындағы аномальды ыстық 129 жыл бұрынғы температуралық рекордты тағы да жаңартты.
20 мамырда Бүкілресейлік көрме орталығында (ВДНХ) орналасқан басты Мәскеу метеостанциясының термометр бағандары + 30 градусқа дейін көтерілді. Осылайша, жаңа тәуліктік температуралық рекорд орнатылды.
Бұған дейін Мәскеуде ең жылы күн 1897 жылдың 20 мамырында болған еді, сол күні температура 29,7 градусқа дейін көтерілген болатын.
Мәскеудің күн-райы шежіресі ВДНХ-да орналасқан метеостанцияның көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Бұған дейін 19 мамырда Мәскеуде температуралық режим рекорд орнатқаны туралы хабарланған болатын.