Америкалық компания ғарыш туризмін дамытпақ

0 3

Жекеменшік Blue Origin ғарыш компаниясы New Shepard зымыранын сынақтан өткізді.

New Shepard өткен жылдың 18 желтоқсан айында ұшуы қажет болған. Алайда соңғы сынақты белгілі бір себептермен қаңтар айына қалдырған еді. Сынақ барысында зымыран 106,2 шақырым биіктікке 10 минутта көтерілген. Болашақта дәл осы биіктікте туристер отырған бөлік негізгі кемеден ажыратылып, парашютпен Техас штатындағы ғарыш айлағына қонуы қажет.

Күні кеше зымыран NASA-ның зерртеуге арналған жабдықтарын орбитаға жеткізіп, артынша ұшу алаңына сәтті қонды. Ғарышкерсіз аспанға көтерілген зымыранда сегіз ғылыми жоба болған.

New Shepard — суборбитальді ұшуға арналған ғарыш кемесі. Зымыран көкке бірнеше мәрте көтеріле алады. Бұл ғарыш кемесімен саяхаттау үшін 200-300 мың АҚШ долларына шығындалу қажет. Зымыранға алты адам сыяды. Сондай-ақ, бұдан басқа Blue Origin компаниясы New Glenn жүк тасымалдаушы зымыранды жасау үстінде.

Компания келесі жылы New Shepard зымыранымен ғарышкерді ұшыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, дәл осы зымыранның көмегімен ғарыш туризмін дамытпақ.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.