Асқар Мамин Маңғыстау облысында еңбек теңсіздігіне жол бермеуді тапсырды

0 0

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдаған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өңірде еңбек теңсіздігіне жол бермеуді тапсырды, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2015-2025 жылдарған арналған кешенді жоспар бойынша аталған кезеңде өңір экономикасы 32 пайыз өседі. Жалпы таяудағы жылдары мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туримзді, көлік пен логистиканы және басқа салаларды дамыту негізгі міндетке айналмақ. Әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылады. Қабылданға шаралар есебінен өңір тұрғындары 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі», — деді Үкімет басшысы бүгінгі отырыста.

Оның айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға, өнеркәсіп көлемін 27% өсіруге, халықтың нақты табысын 40% ұлғайтуға, яғни халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын шын мәнінде жақсартуға мүмкіндік береді.

«Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірге жаңа жұмыс орындарын қөұру мәселелерін, еңбек қатынастары мәселелерін шешуді ерекше бақылауға алсын. Кәсіпорындарда еңбекақы төлеу мен еңбек жағдайларында теңсіздікке жол бермесін. Осыған байланысты кешенді жоспарды сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Осы кешенді жоспардың жобасын мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспардың іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін», — деді Асқар Мамин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.