Жамбыл ауданында «Ақындар адалдықты жырлайды» атты аймақтық ақындар айтысы өтті 

0 14

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы Аса ауылының Өнер мектебінде «Ақындар адалдықты жырлайды» атты аймақтық ақындар айтысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айтыстың негізгі мақсаты — жастарды ата-бабамыздан мұра болып қалған шешендік өнер арқылы сыни ойлауға, логикалық байланыс табуға, сөз астарын жылдам түсініп, әуезді әуенмен ұтымды сұрақтар қойып, көрерменнің ықыласына бөленуге дағдыландыру, жастарды достыққа, бірлікке шықыру, ұлттық-рухани және патриоттық тәрбиеге, адалдыққа баулу.

Айтысқа барлығы 8 үміткер қатысты. Яғни, 4 жұп. Төрелік жасаған әділқазылар құрамы төмендегідей болды:
Төраға:
Айтмұхамбет Исақов – Айтыскер ақын.
Әділқазылар алқасының мүшелері:
Есет Жаңабайұлы Досалы – Айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Дидар Апбасов — Айтыскер ақын.
Айтыс қорытындысы бойынша орындар былай бөлінді:
Бас жүлде – Әмірхан Елдар – Қызылорда облысы
І орын – Алина Айдаралы – Жамбыл ауданы
ІІ орын – Айсұлу Жүнісбек – Талас ауданы
ІІ орын – Санжар Даярбек – Жуалы ауданы
ІІІ орын – Төлеген Айқын – Қызылорда облысы
ІІІ орын – Әлихан Яшар – Жамбыл ауданы
ІІІ орын – Сабит Данияр – Алматы облысы
ІІІ орын – Александр Жомарт – Шу ауданы

Айтыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.