Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі

0 1

Жыл соңына дейін елімізде студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында 2020 жылы 20 мың төсек-орынға арналған 75 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бастап 3 мың төсек-орынға арналған 15 жатақхана пайдалануға берілген еді», — деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін жасалған алдын ала шарттар есебінен 5,5 мың төсек-орынға арналған 23 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

«Бұдан басқа, сегіз оқу орны тұрғын үй-жайларды жалға алу есебінен 2 мыңға жуық төсек-орынға қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Ал, 2022 жылы 24 мыңға жуық орындық 59 жатақхананы, 2023 жылы 11,5 мың орындық 25 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда», — деді Ералы Тоғжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.