Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы қызметінде көп отырмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», — деген Президент бұл жайт оның кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болу керектігін меңзейтінін ескертті.
«Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, «Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.