Таразда өткен аптада 15 қару мен 1000-ға жуық патрон табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Полиция қызметкерлерімен қаланың барлық қараусыз қалған нысандары, мөлтек аудандардың жертөлелері мен шатырлары тексерілуде. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеу жұмыстарына қосылған. Иіс сезгіш иттер полиция қызметкерлеріне қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектесіп жатыр.
Іздестіру шаралары барысында бір аптаның ішінде барлығы 15 қару табылған. Атап айтқанда, 3 бірлік «Калашников» маркалы автоматы, 6 бірлік аңшы мылтығы, 3 «Макаров» маркалы тапаншасы, 3 травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрондар табылды.
Анықталған қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.