Бейжің-2022: Бүгін қазақстандық екі спортшы жарысқа шығады

0 14

Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын 2 телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер бүгінгі жарыстарды «Qazаqstan» және «Хабар» телеарналарынан көре алады.

Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты: «Qazаqstan» арнасы: 12:55 Шаңғы қоссайысы. Іріктеу — Шыңғыс Ракпаров; «Хабар» арнасы: 16:55 Фристайл. Акробатика. Ерлер. Іріктеу — Шерзод Хаширбаев.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар — қысқы спорт ойындарының ішінде шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.