Аудандағы короновирус инфекциясының эпидемиололгиялық жағдайы

0 16

Бүгінгі күнге республика көлемінде корновирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып, ауру деңгейі күннен күнге азайып келеді.   Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Жамбыл облысы да жасыл аймаққа орналасты.

Ал аудан көлемінде қаңтар айынан бүгінгі күнге КВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына тоқталсақ, жұқтырған 21(65,6)  жағдай тіркелді. Оның  17 симптомды, 4 симптомсыз. Оның ішінде  ақпан айында бір жағдай тіркелді.

Вирус сәйкестендірілмеген  пневмонияның 13 (40,6) жағдайы тіркелді.

Аурудың көп үлесі вакцина алмаған жұмыссыздар зейнеткерлер мен 5 жасқа дейінгі балалар үлесінде. Сондай-ақ жүкті әйелдер үлесінде.

       Облыс көлеміндегі  эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпанда және 16 ақпанда  «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №4,5 қаулылары қабылданды. Қаулыда облыс аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу өлшемдері жасыл (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) аймаққа сәйкес қабылданады.

Ауру деңгейі азайды деп босаңсуға болмайды. Себебі вирус толық жойылып кеткен жоқ. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында  профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды әлі де сақтауды  сұраймыз.

Жалпы жұқпалы індеттен, оның ішінде короновирустық инфекциядан қорғанудың бірден-бір жолы екпе алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру.  Екпе алуға саналы түрде  асығайық!

 Қәзіргі жағдайда аудандағы пФайзер вакцинациясының және ревакцинацияның жүру қарқыны  Баяу жүріп жатыр. Ендігі 100 пайыз орындалатын екпеден 1 турды 3236 адам алу керек болса, оның 2256-ы алып 69,7 пайыз құрап отыр. 2 турын 780 адам алып, бар болғаны 24,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы 2665 жасөспірімнің 1997-сы алған, бұл 74,9 пайыз. 179 жүкті әйелдің 55-і, 30,7 пайыз, 392 бала емізетін аналардың 204- сы алып, 52,1 пайызды құрап отыр. Ревакцинация 65,6 пайыз

 Бұл індет әрбір адам өз міндетіне  жауапкершілікпен қарағанда ғана ауыздықталады, бізге жүктеліп отырған міндеттер де аса қиын емес, егер бетпердемен жүрсек, әлеуметтік ара қашықтықты сақтасақ, ауру белгілері байқалғанда өзімізді өзіміз оқшаулап, дәрігер кеңесін тыңдасақ болғаны. Сондай-ақ үй карантиніндегі симптомсыз науқастар мен қарым-қатынастағы тұлғалар өздеріне жүктелген ұсыныстарды толығымен орындауға міндетті.

Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азамат індетті бірге жеңуге ат салысу керек!

Мойынқұм аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Елеуова Айман Каримовна

Leave A Reply

Your email address will not be published.