Мереке күндеріне орай ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан ақпараттық сайтында жарияланды.
Ақпаратты Нұр-сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек басқармасы хабарлаған.
2,5 АЕК (7 657 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек тізімдегі санаттағы азаматтарға төленеді:
4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға;
8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, соның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға;
21-23 наурыз (Наурыз) – ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға;
7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан алдындағы айрықша еңбегі үшін зейнетақы алатындар қатарындағы зейнет жасындағы адамдарға;
31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болған саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге;
1 маусым (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;
30 тамыз (Конституция күні) – Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, соның ішінде ядролық сынақтардан келген шығын үшін біржолғы өтемақы алатындар мен зейнеткерлерге;
1 қазан (Қарттар күні) – ең төмен зейнетақы алатын, зейнет жасына байланысты зейнетке шыққандар мен зейнет жасындағы адамдарға;
қазан айының екінші жексенбісі (Мүгедектер күні) – мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын, ВИЧ-ке шалдыққан азаматтарға;
16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні) – «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңда белгіленген тәртіппен ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
Сонымен қатар, тұрмысы төмен азаматтарға 1- желтоқсанға (Тұңғыш президент күні) орай 4,5 АЕК (13 784 теңге) беріледі.
Әлеуметтік көмек тек
Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының кейбір санаттарына қатысты.Өзге өңірлерде мұндай қаржылай көмек көрсетілетін, көрсетілмейтіні әзірге белгісіз.