Жамбылда өткен жылы қылмыстық істердің саны азайған

0 33
Жамбыл облысының соттары өткен жылы 18 510 азаматтық істі өндіріспен аяқтады, оның ішінде 10 мыңнан астамына шешім шығарылған. Аяқталған істердің ішінде 3 182-сіне татуластыру рәсімдері қолданылса, 2 562 іс медиация тәртібімен аяқталған, 609 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітіліп, 11 іс партисипативтік рәсіммен қаралған. Бұл туралы аймақтағы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков баяндады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ол, сондай- ақ «Отбасылық сот» жобасы аясында 2021 жылы неке бұзу туралы істер бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 589 іске көбейгенін мәлімдеді.
Осы жиында өңірдегі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Абидов былтыр 1587 қылмыстық іске үкім шығарылғанын жеткізді. Ал бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 163 қылмыстық іске аз.
«Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында 2021 жылы 1577 тұлғаға қатысты 1 394 қылмыстық іс пен материалдар қаралған. Яғни, 2020 жылмен салыстырғанда 435 іске артық. Сонымен қатар, өткен жылы 22 тұлғаға қатысты 15 үкім бұзылып, 128 тұлғаға қатысты 82 үкім өзгертілген. Ал 1 тұлғаға қатысты 1 үкім рақымшылыққа байланысты өзгертілді», — деді ол.
Брифингте Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева 2021 жылдың 6 айында облыс соттарына 554 әкімшілік арыз түсіп, шешім шығарумен 130 әкімшілік іс қаралғанын атап өтті. Оның ішінде 82-сі талап қоюшының пайдасына шешіліпті, ал 48-інен бас тартылған.
«44 іс бойынша татуласу рәсімдері сәтті қолданылып, нәтижесінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер жасалды. Есептік кезеңде апелляциялық тәртіппен 65 іске шағым түсті. Бұзылған шешімдер жоқ, 2 шешім өзгертіліп, 10 шешім өзгеріссіз қалдырылды. Жеке шағымдар мен өтінішхаттармен 31 іс түссе, 5 ұйғарымның күші жойылды. Өзгертілген сот актілері жоқ, 15 ұйғарым өзгеріссіз қалдырылған. Шағымды кері қайтаруына байланысты 6 әкімшілік іс қайтарылды», — деп түсіндірді спикер.
Leave A Reply

Your email address will not be published.