Коронавирус жұқтырғандар үшін міндетті өзін-өзі оқшаулау жойылды.
Бірақ, бұл әзірге Қазақстанда емес, Англияда. Аталған елде 24- ақпаннан бастап коронавируспен ауыратындар өзін-өзі оқшауламаса да болады. Тіпті бұл елде коронавирусқа қатысты барлық карантиндік шектеулер де алынып тасталды.
«Біз ел ішіндегі барлық қалған шектеулерді алып тастаймыз. Осы бейсенбіден, 24 ақпаннан бастап, біз COVID-19 үшін оң тестілеуден кейін өзін-өзі оқшаулау туралы міндетті талапты алып тастаймыз », — деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон парламентте сөйлеген сөзінде. Англиялықтар мекемелер мен қоғамдық орындарда да маскасыз жүре алады. Бұл шектеу қаңтар айының соңында күшін жойған еді.